ustav_kaz.pdf
«Нефрологтар, Диализ Дәрігерлері мен Трансплантологтар Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Жарғысын жүктеу

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Бұдан әрі ―Бірлестік‖ деп аталатын «Нефрологтар, Диализ дәрігерлері мен трансплантологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі жеке тұлғалардың бастамасы бойынша құрылды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, ―Коммерциялық емес ұйымдар туралы‖ Қазақстан Республикасының Заңына, ―Қоғамдық бірлестіктер туралы‖ Қазақстан Республикасының Заңына және оның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Жарғыға, ал халықаралық қатынастар аумағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес оның мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, есеп беру және қызметінің ашықтығы негізінде қызмет етеді.
1.2. Бірлестік нефрология, Диализ және трансплантология саласындағы мамандар мүшелігіне және біріктіруге негізделген коммерциялық емес тәуелсіз ұйым болып табылады.
1.3. Бірлестіктің толық атауы:
 Мемлекеттік тілде: «Нефрологтар, Диализ дәрігерлері мен трансплантологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
 Орыс тілінде: Республиканское Общественное Объединение «Общество Нефрологов, Врачей Диализа и Трансплантологов»;
 Ағылшын тілінде: Republican Public Association «Society of Nephrologists, Dialysis Doctors and Transplantologists».
Бірлестіктің қысқартылған атауы:
 Мемлекеттік тілде: «Нефрологтар, Диализ дәрігерлері мен трансплантологтар қоғамы» РҚБ;
 Орыс тілінде: РОО «Общество Нефрологов, Врачей Диализа и Трансплантологов»;
 Ағылшын тілінде: RPA «Society of Nephrologists, Dialysis Doctors and Transplantologists».
1.4. Бірлестіктің орналасқан жері (заңды мекенжайы): Қазақстан Республикасы, индексі 010009, Астана қ., Алматы ауданы, Ғ. Мұстафин көшесі, 9-үй, 31-пәтер.
1.5. Бірлестік өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында іске асырады.
1.6. Бірлестік пен оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастар әділдік, заңдылықтар, мүшелерінің теңдігін мойындау, мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға, Бірлестік мүшелерінің міндеттемелерін орындауына, көңілдерін еркін білдіру ұстанымдарына құрылады.


2-БӚЛІМ. ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ


2.1. Бірлестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелген сәттен бастап осы мәртебені иеленеді.
2.2. Бірлестік бөлек мүлікке иелік етеді, оның өзіндік балансы болады, өзінің атынан сатып алуға және мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді іске асыруға, азаматтық-құқықтық мәселелер жасауға, сотта талапкер және жауапкер болуға, Қазақстан Республикасының және өзге мемлекеттердің банктерінде есеп және өзге шоттарды, белгіленген үлгідегі мөрлер, мөртабандар, бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік символикасын (логотип) иеленуге құқылы.
2.3. Бірлестік өзінің ішкі құрылымын, мақсаттарын, өз қызметінің нысандары мен әдістерін айқындауда еркін.
2.4. Бірлестік белгісіз мерзімге құрылған.
2.5. Бірлестік бұл жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын болғандықтан, кәсіпкерлік қызметті іске асыра алады. Кәсіпкерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріске Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін мөлшерде салық салынуға және өзге де міндетті төлемдер төленуге тиіс. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріс Бірлестік мүшелерінің
арасында қайта бөлінбеуге тиіс және жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін немесе қайырымдылық қызметке пайдаланылуға тиіс.
2.6. Бірлестік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғалар болып табылмайтын және олар туралы ережелер негізінде Бірлестіктің тапсырмасы бойынша оның атынан әрекет ететін, оның орналасқан жерінен тыс филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.
2.7. Бірлестік өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелеріне жауап береді. Мемлекет және оның органдары мен ұйымдары Бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, соған орай Бірлестік те мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты емес.
2.8. Бірлестік өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекетік билік органдарымен, ғылыми-зерттеу, жобалау, өндірістік бірлестіктермен, шығармашылық ұжымдармен, халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қорлармен, өкілдік компаниялармен тығыз ынтымақтастықта іске асырады.
2.9. Бірлестік белгіленген тәртіппен халықаралық қоғамдық үкіметтік емес ұйымдарға кіре отырып, тікелей халықаралық байланыстар мен хабарласуларды қолдай алады.
3-БӚЛІМ. БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Бірлестіктің негізгі мақсаты нефрологиялық қызметті дамытуға жәрдем жасау және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына бүйректі ауыстыру терапиясының заманауи әдістерін (диализ, трансплантация) енгізу болып табылады.
3.2. Бірлестік қызметінің мәні болып табылады:
3.2.1. Нефрологтар, диализ дәрігерлері мен трансплантологтарды даярлау жүйесін жетілдіруге жәрдем жасау;
3.2.2. Тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек ұйымдастыру жүйелерін жетілдіру;
3.2.3. Нефрологтар, диализ дәрігерлері мен трансплантологтардың кәсіби және ғылыми өсуіне әлемнің озық клиникаларында тағылымдамадан өту және оқытуларды ұйымдастыру, жергілікті және халықаралық маңызы бар ғылыми конференциялар, симпозиумдар және т.с.с. өткізу арқылы көмек көрсету;
3.2.4. Бірлестік мүшелерінің құқықтарын қорғау;
3.2.5. Тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
3.3. Бірлестік міндеттері:
3.3.1. бүйрек ауруларының алдын алу және емдеу мүддесіндегі жобаларды қолдау;
3.3.2. Қазақстан Республикасында барлық нефрологиялық қызмет салаларын (клиникалық нефрология, диализ және трансплантология) дамытуды қолдау;
3.3.3. бүйрек ауруларын емдеу және алдын алудың жаңа әдістерін практикаға енгізуге жәрдем жасау;
3.3.4. консультативтік-диагностикалық және емдеу жұмыстарын іске асыру;
3.3.5. созылмалы бүйрек аурулары бойынша статистикалық деректер базасын жасауға жәрдем жасау;
3.3.6. дәрігерлер мен орташа медициналық персонал үшін семинарлар өткізу, медициналық оқу мекемелерінде, емдеу мекемелерінде және медициналық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарында дәрістер оқу;
3.3.7. денсаулық сақтау саласында ғылыми тақырыптар бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шаралар, сессиялар, тренингтер, конференциялар өткізу;
3.3.8. конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, әңгімелесу алаңдары, клубтар, дәрістер және басқа да ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру;
3.3.9. денсаулық сақтау органдарында бүйрек ауруларының алдын алу және емдеу хаттамаларын құрастыру және бекіту;
3.3.10. бүйрек ауруларының алдын алу және емдеудің ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау;
3.3.11. нефрологиялық препараттар мен медициналық жабдықты мемлекеттік сатып алу жөніндегі сараптамалық кеңеске қатысу;
3.3.12. отандық және шетелдік озық тәжірибені таратуға жәрдем жасау;
3.3.13. нефрологтар, диализ дәрігерлері мен трансплантологтардың ғылыми білім және практикалық дағдыларының деңгейін арттыруға жәрдем жасау;
3.3.14. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың қызығушылығын арттыра отырып, бүйректі ауыстыру терапиясының (диализ, мүшелердің орнын ауыстыру және мүшесін беруші) кешенді мәселелерін шешу ;
3.3.15. мүшесін беруге қатысты жұртшылықтың оң пікірін қалыптастыру;
3.3.16. мүшелерін ауыстыруды қажетсінетін емделушілерге қолдау көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалар енгізу;
3.3.17. емделушілерді қанды улы заттардан тазартуға және тарифтерге енгізу стандарттарын оңтайландыру.
3.4. Бірлестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, фармацевтік емдеу-алдын алу мекемелеріне, білім беру және ғылыми ұйымдарға қатысады.


4-БӚЛІМ. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ


4.1. Бірлестік Жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз өкілеттіктері шегінде әрекет ететін өзінің басшылық органдары арқылы құқықтарды иеленеді және өзінің міндеттемелерін қабылдайды.
4.2. Бірлестік мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерін орындау үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілетін мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы, қоса алғанда, бірақ шектелмей:
4.2.1. қолданыстағы заңнамада айқындалған тәртіппен әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ меншікті баспа басылымдары арқылы өз қызметі туралы ақпарат тарату;
4.2.2. клиникалық нефрология, диализ және мүшелерді ауыстыру, мүше беру бойынша ғылыми конгрестер, мектептер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу, аталған тақарыптарға арналған ресейлік және халықаралық конгрестерге, мектептерге, симпозиумдарға, конференцияларға қатысу;
4.2.3. мүшелерді ауыстыру және мүше беру саласындағы ағартушылық, алдын алу және ғылыми-практикалық бағдарламалар әзірлеу.
4.2.4. Қазақстан Республикасында трансплантологияны дамытуға бағытталған идеялар, тұжырымдамалар, бастамалар, өнертабыстар мен жаңалық ашуларды қолдауды және көмек көрсетуді іске асыру;
4.2.5. клиникалық нефрология, диализ және мүшелерді ауыстыру, мүше беру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуге атсалысу;
4.2.6. мүшелерді ауыстыру және мүше беру саласында қоғамдық бастамаларды дамытуға көмек көрсету;
4.2.7. мамандандырылған медициналық көмекке зәру және көмек алып жүрген медициналық жұмыскерлер мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4.2.8. мүшелерді ауыстыруға зәру және мүшелерін ауыстырған емделушілерге медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жәрдем жасау, оның ішінде емделушілерді қолдау акцияларын ұйымдастыру арқылы, мүшелерін ауыстыруға зәру емделушілерді өміріне қажетті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету;
4.2.9. нефрологтар, Диализ дәрігерлері мен трансплантологтардың біліктілігін жетілдіру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту, нефрология, диализ, трансплантология саласының мамандарын даярлау және қайта даярлауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдем жасау;
4.2.10. жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді қоса алғанда, жоғары және орта медициналық оқу мекемелерінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
4.2.11. дәрігерлерге ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
4.2.12. шетелдік медициналық ұйымдармен байланыс орнату және сақтау;
4.2.13. мүшелерді ауыстырудың өңірлік орталықтарын ашуға ықпал ету;
4.2.14. сотта және өзге мемлекеттік органдарда, басқа қоғамдық бірлестіктерде өзінің мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
4.2.15. баспагерлік қызметті іске асыру;
4.2.16. өзінің атынан мәмілелер жасау, сондай-ақ жарғылық мақсаттар мен өз қызметінің міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де азаматтық құқықтарды іске асыру;
4.2.17. денсаулық сақтау салаларын дамыту үшін көмек көрсету және алу (ерікті қайырымдылық, гранттар және т.с.с..);
4.2.18. коммерциялық және/немесе коммерциялық емес, оның ішінде халықаралық, үкіметтік емес бірлестіктерге кіру, осы ұйымдардан, шетелдік жеке және заңды тұлғалардан мүліктер, оның ішінде ақша, қаржылай көмек, гранттар алу, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе;
4.2.19. өзінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу;
4.2.20. басқа заңды тұлғаларды құру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе;
4.2.21. бұқаралық ақпарат құралдарын ашу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Жарғыға қайшы келмейтін өзге қызметті іске асыру.
4.3. Бірлестік:
4.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
4.3.2. Өзінің мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделері сөз болатын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;
4.3.3. Өз мүшелеріне кірістер мен шығыстар туралы хабарлап отыруға;
4.3.4. Тіркеуші органға үнемі жұмыс істейтін басшылық органның орналасқан орнының өзгергені туралы және бірыңғай мемлекеттік тіркелімге қосылған мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректерді хабарлап отыруға міндетті.


5-БӨЛІМ. БІРЛЕСТІКТЕГІ МҤШЕЛІК


5.1. Кез келген жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, заңды тұлғалар – Бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін және оның қызметіне қатысатын партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер Бірлестік мүшесі бола алады.
5.2. Бірлестікке мүшелер қабылдау тізбесін Бірлестіктің Сараптамалық кеңесі белгілейтін қажетті құжаттар қоса салынатын жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі. Мүшелерді қабылдау туралы шешімді Бірлестіктің Сараптамалық кеңесі қабылдайды.
5.3. Бірлестік мүшелерінің тең құқықтары мен міндеттері болады.
5.4. Бірлестік мүшесі:
5.4.1. Бірлестіктің басшылық органдарын сайлауға және сайлануға;
5.4.2. Бірлестіктің қызметіне қатысты барлық мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға;
5.4.3. Бірлестік өткізетін іс-шараларға қатысуға;
5.4.4. Бірлестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
5.4.5. бастама ретінде қарау үшін Бірлестіктің жарғылық міндеттерін шешуге бағытталған ұсыныстар енгізуге;
5.4.6. Бірлестікке тиесілі немесе жалға алған мүлікті, ғимараттарды, имараттарды, көлік, байланыс құралдарын, көбейткіш техниканы, деректер базасын белгіленген тәртіппен пайдалануға;
5.4.7. Бірлестіктің моральдық, материалдық және әлеуметтік қолдауын пайдалануға;
5.4.8. Бірлестікті материалдық немесе жеке қызметімен қолдауға;
5.4.9. Бірлестіктің мүшелері құрамынан өз еркімен шығуға құқылы.
5.5. Бірлестік мүшесі:
5.5.1 Бірлестіктің Жарғысын сақтауға және Бірлестіктің қызметіне белсенді атсалыуға;
6
5.5.2. Өзі сайланған Бірлестік органдарының жұмысына белсенді атсалысуға;
5.5.3. Бірлестіктің басшылық органдарының шешімдерін орындауға;
5.5.4. Бірлестіктің басшылық органдарымен Бірлестік шеңберіндегі өз әрекеттерін келістіруге;
5.5.5. Бірлестік мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда, оның беделін нығайтуда оған көмек көрсетуге міндетті.
5.6. Бірлестіктегі мүшелігін тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:
5.6.1. Жарғы ережелерін бұзу;
5.6.2. Шыққысы келетін мүшенің жазбаша өтініші бойынша;
5.6.3. Басқа да негіздер бойынша, атап айтқанда, Сараптамалық кеңестің оған жүктелген міндеттерді орындамағаны, Бірлестіктің жарғылық қызметімен үйлеспейтін қызметі, енжарлығы және Бірлестікпен іскерлік байланысын жоғалтқаны үшін шығару шешімімен байланысты.
5.7. Мүшелігін тоқтату туралы шешімді Сараптамалық кеңес қабылдайды. Сараптамалық кеңестің заңсыз шешіміне Конференцияда шағым жасала алады.


6-БӨЛІМ. БІРЛЕСТІКТІ БАСҚАРУ


6.1. Бірлестікті басқару органдарының құрамына кіреді:
1. Конференция – жоғарғы басқару органы;
2. Сараптамалық кеңес – Төраға басқаратын алқалық атқарушы басқару органы;
3. Ревизиялық комиссия - бақылаушы орган.
6.2. КОНФЕРЕНЦИЯ. Екі жылда бір рет шақырылатын бірлестік мүшелерінің жалпаы жиналасы - Конференция (бұдан әрі - Конференция) Бірлестіктің жоғарғы басқару органы болып табылады. Кезектен тыс Конференция Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша, Бірлестік мүшелерінің үштен бірінен кем болмайтын талабы бойынша, құрылымдық бөлімшелердің 1/3-інің не Ревизиялық комиссияның талабы бойынша шақырылуы мүмкін.
6.3. Конференция, егер оның жұмысына барлық мүшелердің 2/3-сінен кем болмай және құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың нотариалды түрде куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін өкілдерінің ½-інен кем болмай қатысатын болса, шешім қабылдауға құқылы. Жарғыны бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Бірлестікті қайта құру және тарату, Сараптамалық кеңесті, Ревизиялық комиссияны сайлау туралы шешім кворум болатын кезде Конференцияға қатысушылардың 2/3-сінің дауысымен қабылданады. Қалған мәселелер бойынша шешімдер жай ғана көпшілік дауыспен қабылданады.
6.4. Конференцияның ерекше құзырына мынадай мәселелер жатады:
6.4.1. Бірлестіктің Жарғысын бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6.4.2. Бірлестіктің Сараптамалық кеңесінің Төрағасын, мүшелерін және Ревизиялық комиссияны 4 (төрт) жылға сайлау, қайта сайлау, оларды мерзімінен бұрын лауазымдарынан босату;
6.4.3. Басқару органдарының құзырын, ұйымдастырушылық құрылымын, өкілеттіктерін құру және тоқтату тәртібін айқындау;
6.4.4. Бірлестіктің қызметі туралы басқару органдарының есептерін бекіту;
6.4.5. Бірлестік қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
6.4.6. Сараптамалық кеңестің, жекелеген мүшелердің Конференцияға енгізетін және Бірлестік қызметі үшін шешуші мәні болатын мәселелерді шешу;
6.4.7. заңнамалық актілермен белгіленген шектерде Бірлестіктің өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға немесе қызметіне қатысуы туралы шешімдер қабылдау;
6.4.8. Бірлестікті ерікті қайта құру және қызметін тоқтату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
6.4.9. атқарушы органдардың қаржылық есебін ұсыну тәртібі мен кезеңін, сондай-ақ бақылаушы органның тексерістерін өткізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін айқындау;
6.4.10. Бірлестіктің ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер бойынша.
6.5. САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС. Конференциялар арасындағы кезеңде Сараптамалық кеңес Бірлестіктің басқарушы органы болып табылады. Сараптамалық кеңес Конференцияның шешімдерін орындайды және Сараптамалық кеңестің ерекше құзырына жататын мәселелерді ол үшін шешуге құқылы емес.
6.6. Сараптамалық кеңес Конференция сайлайтын 9 (тоғыз) мүшеден және Төрағадан құралады. Сараптамалық кеңес мүшелері 4 (төрт) жыл мерзімге сайланады.
6.7. Сараптамалық кеңесті Төраға Сараптамалық кеңестің ½-інен артық мүшелерінің немесе Ревизиялық комиссияның талабы бойынша тоқсанына бір рет немесе қажетінше, кем дегенде жылына бір рет шақырады. Егер отырыста ½ мүшеден артық қатысатын болса, Сараптамалық кеңес заңды болып есептеледі.
6.8. Сараптамалық кеңестің әрбір мүшесінің бір дауысы болады, дауыстар тең болатын жағдайда Төраға дауысының шешуші мәні болады. Сараптамалық кеңестің шешімі егер оған қатысушы мүшелердің жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданған болып саналады.
6.9. Сараптамалық кеңес мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы:
6.9.1. осы Жарғыда айқындалған міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарын қабылдау және жүзеге асыру;
6.9.2. Бірлестік қызметінің ережелерін қабылдау, Бірлестікке мүшелік шарттарын айқындайтын ішкі құжаттарды (процедуралар) және Бірлестіктің және оның басқарушы оргардарының қызметтерін реттейтін өзге ережелерді әзірлеп бекіту;
6.9.3. Бірлестіктің жылдық бюджетін және жылдық қаржылық балансын бекіту;
6.9.4. Бірлестіктің қаржылық жоспарын бекіту және оған өзгерістер енгізу;
6.9.5. кірістер мен шығыстар сметасын, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту;
6.9.6. бірлестіктің мамандандырылған, функционалдық, сараптамалық және өзге органдары (комитеттер, кеңестер, жұмыс топтары) және құзырына Бірлестік қызметінің мәніне қатысты мәселелерді қарау кіретін персонал құрамы туралы ережені бекіту;
6.9.7. Бірлестік мүшелерінің кіру және мүшелік жарналарының көлемін және төлеу тәртібін айқындау;
6.9.8. Бірлестіктің жаңа мүшелерін қабылдау және мүшеліктен шығару туралы шешімдер қабылдау;
6.9.9. Конференция өткізу туралы шешімдер қабылдау;
6.9.10. Конференцияның шешімдерін орындауды және бақылауды жүзеге асыру;
6.9.11. Конференцияның қарауы үшін Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
6.9.12. Бірлестіктің бағдарламаларын, жобалары мен жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру;
6.9.13. Бірлестіктің штаттық аппарат құрылымын бекіту;
6.9.14. Бірлестіктің мүлкі мен ақшасына билік ету;
6.9.15. Бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы қағидаларды бекіту туралы шешім қабылдау, Бірлестік филиалдары мен өкілдіктерінің жетекшілерін сайлау;
6.9.16. Конференцияның ерекше құзырына жатпайтын Бірлестік қызметінің өзге мәселелерін қарастырады.
6.10. ТӚРАҒА Сараптамалық кеңесті басқарады және Конференция 4 (төрт) жыл мерзімге сайлайды, бірақ 2 мерзімнен артық емес.
6.11. Бірлестік Төрағасы үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Бірлестіктің атынан сенімхатсыз және осы Жарғының негізінде әрекет етеді, Бірлестіктің ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметін іске асырады, Бірлестік қызметіне тәуелсіз аудиторлық тексерісті ұйымдастырады. Бірлестіктің қаржылық-шаруашылық және ұйымдастырушылық қызметін тексеру нәтижелері туралы есепті Конференцияға ұсынады.
6.12. Бірлестік Төрағасы сондай-ақ мынадай функцияларды іске асырады:
6.12.1. Бірлестік жұмысына жалпы басшылықты іске асырады;
6.12.2. Бірлестіктің Сараптамалық кеңесін басқарады;
6.12.3. Бірлестіктің мүлкі мен ақшасына өз құзыреті шегінде билік етеді;
6.12.4. Сараптамалық кеңеске кірістер мен шығыстар сметасын бекітуге ұсынады;
6.12.5. Бірлестікте жұмыс істейтін еңбек ұжымының жұмысына басшылық етеді.
6.12.6. Билік органдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті іске асырады;
6.12.7. Бірлестік қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды іске асырады, Бірлестік атынан олармен жасалатын шарттарға (келісімдер) қол қоюды қоса алғанда (бірақ шектеліп қалмай);
6.12.8. Өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар, өкімдер мен нұсқаулықтар береді;
6.12.9. Конференция және Сараптамалық кеңестің қабылдаған шешімдердің атқарылуын ұйымдастырады, жоспарлар, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
6.12.10. Конференцияға өзінің қызметі және Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы есеп ұсынады;
6.12.11. Бірлестік жұмыскерлерін қабылдау, ауыстыру және босатуды іске асырады, оларға ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады, Бірлестіктің штаттық кестесіне сәйкес олардың лауазымдық жалақыларының және бөлек үстемеақылар көлемін белгілейді, сыйақы көлемін белгілейді, штаттық қызметкерлер арасындағы лауазымдық міндеттерін бөліп береді;
6.12.12. Бірлестіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және кез келген өзге үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында оны таныстыру құқығына сенімхат береді;
6.12.13. Сараптамалық кеңес пен Конференцияның алдында штаттық, қаржылық және еңбек тәртібінің сақталуы, есептіліктің дұрыстығы, мүліктің сақталуы туралы есеп береді;
6.12.14. Жеке құрам бойынша құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын, сондай-ақ Бірлестік таратылатын кезде олардың белгіленген тәртіппен мемлекеттік сақтауға уақытылы берілуін қамтамасыз етеді;
6.12.15. Бірлестік қаржысы шеңберінде Бірлестіктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады;
6.12.16. Жарғылық қызметті іске асыру үшін қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тартады;
6.12.17. Бірлестік жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6.12.18. Банктерде есеп және өзге шоттарды ашу туралы шешімдер қабылдайды;
6.12.19. Бірлестіктің құрылтай құжаттарына, Бірлестік Конференциясының шешімдеріне және Бірлестіктің ішкі процедураларына сәйкес өзге өкілеттіктерді іске асырады.
6.13. РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯ Бірлестік Конференцияда Бірлестік мүшелерінің құрамынан 4 (төрт) жыл мерзімге сайланады. Ревизиялық комиссия кеңесу даусының құқығымен Сараптамалық кеңестің отырысына қатыса алады. Сараптамалық кеңестің Конференцияның
қарауына ұсынатын есебін Ревизиялық комиссия тексеруге тиіс. Бірлестіктің жылдық балансын Ревизиялық комиссия тексеруге тиіс және Конференцияға ұсынады.
6.14. Ревизиялық комиссия:
6.14.1. Бірлестіктің қаржылық және шаруашылық қызметін бақылайды;
6.14.2. кемінде жылына бір рет Бірлестіктің қаржылық-шаруашылық қызметіне тексерістер өткізеді;
6.14.3. материалдық құндылықтардың есепке алынуын және жай-күйін тексереді;
6.14.4. Бірлестіктің ақша қаржысы мен мүлкінің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
6.14.5. Конференция бекітетін Ревизиялық комиссия туралы ережеге сәйкес, өз қызметін іске асырады. Ревизиялық комиссия өзінің шешімімен Бірлестіктің басшылық органдарынан Кезектен тыс Конференция және егер олардың ойынша Бірлестік мүддесіне қауіп төнген болса, Сараптамалық кеңес отырысын шақыруды талап ете алады.


7-БӨЛІМ. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӚЛІМШЕЛЕРІ


7.1. Бірлестік құрылымын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан артық аумағындағы құрылымдық бөлімшелер (филиалдар, өкілдіктер) құрайды. Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері аталған Жарғының және/немесе Филиал/өкілдік туралы ереже негізінде әрекет етеді.
7.2. Құрылымдық бөлімшелер (филиалдар, өкілдіктер) заңды тұлғалар болып табылмайды, Конференция шешімі бойынша құрылады және Сараптамалық кеңестің бекітетін ережелері бойынша әрекет етеді, филиалдар мен өкілдіктерге. Бірлестік мүлкі беріледі, филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі жеке теңгерімде және Бірлестік теңгерімінде есептеледі. Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар, өкілдіктер) басшыларын Сараптамалық кеңес 4 (төрт) жыл мерзімге сайлайды және солардың беретін сенімхаттары негізінде әрекет етеді.
7.3. Құрылымдық бөлімше басшысы:
7.3.1. Конференцияның және Сараптамалық кеңестің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
7.3.2. өз құзыреті шегінде өкімдер мен нұсқаулықтар береді;
7.3.3. конференция бекітетін сметалар шегінде құрылымдық бөлімшенің мүлкіне мен қаржысына билік етеді, азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды, ол заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген жағдайда, банк мекемелерінде шоттарын ашады;
7.3.4. конференцияның және Сараптамалық кеңестің құзырына кірмейтін, құрылымдық бөлімше қызметінің өзге мәселелерін шешеді.


8-БӨЛІМ. БІРЛЕСТІКТІҢ АҚША ҚАРЖЫСЫН ЖӘНЕ ӚЗГЕ МҤЛКІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӚЗДЕРІ


8.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған нысандарды есептемегенде, Бірлестік Жарғысында көзделген қызметті материалдық түрде қамтамасыз ету үшін қажетті нысандар Бірлестіктің жеке меншігі болып табылады. Бірлестіктің қызметін материалдық түрде қамтамасыз ету үшін қажетті Бірлестіктің жеке мешік жер телімдері, ғимараттары, құрылымдары, имараттары, көлігі, жабдығы, керек-жарақтары, мәдени-ағарту, сауықтыру және медициналық мақсаттағы мүлкі, ақша қаржысы, бағалы қағаздары және өзге де мүлкі бола алады. Бірлестіктің жеке меншігінде сондай-ақ, оның жарғылық мақсаттарына сәйкес Бірлестік қаржысы есебінен құрылған және сатып алынған мекемелер, баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары болуы ықтимал.
8.2. Бірлестік мемлекеттік түрде тіркелген сәттен бастап оның үнемі қызмет ететін басқарушы органы – Сараптамалық кеңес Бірлестіктің мүлкі мен қаржысына билік ету және басқару бойынша заңды тұлғаның құқықтарын іске асырады және Жарғыға сәйкес оның міндеттемелерін атқарады.

______________________________________________________